Орталық туралы

«Система ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫН» ЖШС 2013 жылы халықаралық стандарттаға сәйкес келетін зертханалық жабдық нарығында өнімдерді өткізу және қызметтерді көрсету мақсатымен құрылған.

Жобалардың  экономикалық дәлелділігі, озық технологиялар, өнімнің сапалы ассортименті, қызмет көрсету бойынша жоғары білікті мамандар – Компанияның жұмысындағы негізгі тәсіл.

 Система ҒӨК аналитикалық және зертханалық жабдықтың  бірқатар жетекші шетелдік және отандық өндірушілерінің  Қазақстан Республикасындағы  өкілі және ресми серіктесі болып табылады.

Компания заңды қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының құқықтық аясының шегінде  жүзеге асырады.

Ұзақ уақыттық ынтымақтастыққа  сүйене отырып, Тұтынушыға жақын болу – Компанияның негізгі корпоративтік стратегиясы.

Компания семинарларға, техникалық мәжілістерге, халықаралық көрмелерге қатысады, мамандарды оқытуды жүргізеді.

Компания лицензиялауға, сертификаттауға және сапаға  баса көңіл бөледі, сол себепті  әрбір  жеткізілетін өнімнің сапа белгісі мен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар.

Компанияның көрсетілетін қызметтерінің деңгейін растау – тапсырысты оперативті ресімдеу, кеңес берулерді сауатты жүргізу, кепілдікті және сервистік міндеттемелерді сапалы орындау, жеке тәсіл және әрбір Серіктестермен өзара тиімді және ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды жасау.

Система ҒӨК жеке білімнің барлық қажетті әлеуетіне, Серіктестерінің мүмкіндіктері мен тәжірибесіне ие, бұл кез келген алға қойған міндетті орындауға, әрдайым жаңа идеяларды, стандартты емес және ауқымды жобаларды  қабылдауға және оларды іске асыруға белсенді жәрдем көрсетуге  мүмкіндік береді.